Қатты дауылдан мыңдаған үйлер шатырсыз қалды

Осы Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданында қатты дауыл тұрып, мыңдаған үй мен бірқатар мекеме шатырсыз қалды. Түнде соққан бораннан оншақты ауылдағы баспаналардың шатыры ұшып кеткен. Әсіресе, жағдай Таукент қаласында қиындаған. Жоғары кернеулі бағаналар құлап, шаһар үш тәуліктен бері жарықсыз, жылусыз, сусыз қалды. Мұндағы көпқабатты үйлердің тұрғындары суық үйлерде бүрсең қағып отыр
Back to Top