Хабарларға сену
Аһлюс-сунна пайғамбарымыздан ﷺ жеткен барлық сахих хабарларға иман келтіреді, мейлі ол оның ақылына сыйса да, сыймаса да. Оның мысалы: “исра“ мен“миғраж“ оқиғасы. Ол пайғамбарымыздың ﷺ түсінде емес, шынайы өңінде болды. Сондықтан да құрайыштықтар оны жоққа шығарып, тым үлкен нәрсе ретінде көрді, әйтпесе олар түсті жоққа шығармас еді.
Сондай хабарлардың бірі, Муса пайғамбарға жанын алу үшін өлім періштесі келгенде, Муса (а.с.) ол періштенің көзін ойып алған болатын. Сол кезде періште Раббысына қайтып, Алла оған көзін қайтарады.
Және тағы бірі, қиямет күнінің үлкен белгілері: Дәжәлдың шығуы, аспаннан Мариям ұлы Исаның (а.с.) түсуі, ИәжүжМәжүждің шығуы, батыс пен шығыста және араб жазирасында жердің опырылуы, күннің батыстан шығуы, адамдарға сөйлейтін бір жануардың шығуы, түтін және адамдарды махшарға жинайтын оттың шығуы, тағы сол сияқты пайғамбарымыздан ﷺ келген хабарлар.