Қызылордада 100-ге тарта қоянды қырып салған браконьер қолға түсті

Қызылорда облысында бір түнде 94 қоянды атып алған браконьер құрықталды. Күдікті Қармақшы ауданы Көмекбаев ауылының тұрғыны. Оның көлігін тексеру кезінде терісі сыпырылған 64, сойылмаған 30 қоян тәркіленді. Күдікті 1989 жылғы азамат, өз кінәсін толық мойындады. Айғақ заттар Қармақшы аудандық полиция бөліміне тапсырылды. Қылмыстық іс қозғалды.
Back to Top