Перу астанасы Лима қаласындағы банктердің бірінде қызметкерлердің бірі жұмыс барысында әріптесін видеоға түсіріп тұрып, елесті көргенін мәлімдеген.
Бейнежазбадан емін-еркін күліп, әріптестерімен әңгімелесіп тұрған ер кісінің сырт жағынан белгісіз қыз баланың жүгіріп өткенін анық көруге болады. Латын Америкасында елес қыз туралы аңыз кеңінен таралған, сондықтан видео авторы әрпітесіне елес қызды көргенін айтқанда, ол аса қатты сене қоймаған.
Алайда, банк қызметкерлері кішкентай қызды ғимараттан іздестіргенімен, оны таба алмаған. Бұл жай ғана сандырақ деп жылы жауып қоя салайын десе, елес видеоға анық түсіп қалған.
Кейінірек банкте орнатылған бақылау камералары арқылы түсірілген жазбаларды қарап шыққанда, ғимараттың есігі өз бетінше ашылып-жабылған сәтін көрген. Алайда, бұл сәтте банкке ешкім кірмеген және шықпаған.
Видео қазіргі таңда интернет желісінде кеңінен таралуда.
46 views
1057
309
4 years ago 00:07:45 1
РЕГИСТРАЦИЯ ЖАСАП 500 ТГ АЛ / ХОУМ КРЕДИТ БАНК 500 ТГ ЗА РЕГИСТРАЦИЮ / ОҢАЙ АҚША ТАБУ
4 years ago 00:04:43 1
Елімізде тұрғындарымыздың үштен бірі жеке баспанаға зәру