Пандемияны тоқтату үшін Қазығұрттың басына пирамида салды

Шымкентте коронавирус індетінің таралуы тыйылды. Қауіпті вирусты ауыздықтаған өңірдің ақ халаттылары емес, күреске деп бөлінген миллиондаған қаражат та емес, Мен дейді өзін академик санайтын Шерәлі Артығалиев. Еске сала кетейік ол биыл қасиетті Қазығұрт тауына пирамидалар сала бастаған. Айтуынша алдағы уақытта әлемнің 7 қаласында 19 атом бомбасы жарылмақ. Егер ертең ядролық жарылыс болып, дүниенің астаң-кестеңі бір есептен оған Шымкенттің шенеуніктері кінәлі болады деп пайымдайды. Себебі Шымқаланың ақ жағалылары Шерәлі Артығалиев тау басында заңсыз құрылыс салып жатыр деп тауып, оны тыйып тастаған екен. Енді қайтпек керек, атом бомбасы жарылып ақырзаман ойнай ма, әлде шымкенттік профессор, адамзатты апокалипсистен құтқарып қала ма? #1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан
Back to Top