УЕФА Чемпиондар Лигасы ойыны қарсаңындағы “БИІК-Қазығұрт“ жаттығуы

Қазақстан мен Украина қыздар командаларының ойынына бір тәулікке жуық уақыт қалды. ⚽ Ертең шымкенттік “БИІК-Қазығұрт“ командасы турнирдің 1/16 финалының қарымта матчында Харьковтің “Жилстрой-2“ командасымен кездеседі. Алғашқы ойында украиналық ұжым 2:1 есебімен жеңіске жетті. 🏟️ Қазақстандағы қарымта ойын Шымкент қаласындағы “Намыс“ стадионында өтеді. “БИІК-Қазығұрт“ командасының соңғы дайындығы мен команда өкілдерінің мәлімдемелері бейнематериалда көрсетілген.
Back to Top