Бауыр барда бақытсызбын дей көрме,
Өз басыңның қамын ғана жей көрме.
Қан мен жаның бір тамырдан жаралған,
Бауыр барда,
Бақытсызбын дей көрме!
Кейде реніш,
Кейде ыза болса да,
Ақ көңілің қара ашуға толса да.
Ең қымбаты, ең ардағы бауырың,
Арадағы жылулығы солса да.
Ауыр айтпа,
Көңіліне қадама,
Жанжалдасып, ала көзбен қарама.
Бауырыңды «бауыр етім» деп сана,
Екі туып бір қалғанға балама.
Бір құрсақтан, бір жүректен шықтыңдар,
Бір ақылды, бір дүрсілді ұқтыңдар.
Бірге жүріп, бірге өсіп ержетіп,
Бір - біріңе шаранамен жұқтыңдар.
Тірі кезде алыспаңдар сақтаңдар,
Не жағдайда бір - біріңді жақтаңдар.
Шайтан келіп күнәлісің деп қалса,
Періштедей бір-біріңді ақтаңдар.
4 views
4201
1731
2 months ago 00:47:12 1
Шерзаттың отбасына қандай қысым жасалып жатыр? / Марқұмның әкесі және әпкесімен сұхбат
4 months ago 00:00:08 1
Бауыр деген бір әлем ауылы бөлек
5 months ago 00:04:56 1
Намазға шақыру. Азанның шығу тарихы. Нұрсұлтан ұстаз. Уағыздар. Уағыз. уагыз. Уағыздар 2022
10 months ago 01:24:40 1
Алаяқтар Жәнібекке 5 мың еуро берсең анаңды тауып береміз деп хабарласқан - Қымбат Досжан