«Егеменді елміз» дейміз, алайда, байлығымыздың біраз бөлігін басқалар басыбайлы алып қойған. Қорқыныштысы да сол -- қытай қожайын болған кәсіпорын көп. «Тәуелсіз елміз», дейміз. Бірақ қытай тауарына тәуелді боп қалғалы қашан. «Бодандықтан босағанбыз» дейміз, бірақ «Чайнаның» шырмауына шатылып барамыз. Аждаһа зәһарын шашпасын дейік, әйтпесе уытын қалай қайтарамыз?