Күн жүйесінің планеталары ¦ Балдырғандарға арналған бейнеролик

Біздің бүгінгі тақырыбымыз – Күн жүйесінің планеталары. Сегіз планетаны Күннен қашықтығының артуы бойынша атайық – Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран және Нептун. Олар Күнді белгілі бір орбиталармен айналады. Меркурий – Күн жүйесіндегі ең кішкентай планета. Меркурий Күнге жақын болғандықтан, онда күндіз өте ыстық, ал түнде өте суық. Екінші ғаламшар Шолпан – планеталар ішіндегі ең ыстығы және ең жарығы. Таңда және кешке көрінетіндіктен, оны таңғы жұлдыз немесе кешкі жұлдыз деп атайды. Күн жүйесіндегі үшінші ғаламшар – біздің планетамыз Жер. Жер бетінің 70 проценттейін су алып жатыр, сондықтан Жерді көгілдір планета деп те атайды. Ол – тіршілік бар екені белгілі жалғыз планета.
Back to Top