Су орнына антифриз ішкен

Судың орнына шатастырып антифриз ішіп қойған. Көкшетауда әкімшілік жазаны өтейтін мекеменің камерасында 6 бірдей адам, көліктің салқындатқыш жүйесіне құйылатын ерітіндіні қолданып, ауруханадан бір ақ шықты. 4 адам көз жұмса, екі азамат жарым жан болып қалды. Қайтыс болған марқұмдардың туыстары, полиция департаменті істі жылы жауып қоймақшы деп дабыл қақты. Оқиға болғалы бір ай уақыт өтсе де, олар құзырлы орган тарапынан ешқандай көмек болмады деп налиды. Тіпті, жауаптылар уланып хал үстінде жатқандар жөнінде ет жақындарына хабарламаған көрінеді. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top