Православтықтардың қасиетті мерекесі Крещение Господне жақындап қалды. Бүгінде қала жағажайында мейрамға соңғы дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының айтуынша, өткен жылы Есіл өзеніндегі мұздың қалыңдығы 40 см-ден асса, биыл небары 20 см болып отыр. Сондықтан құтқарушылар, тұрғындарды абай болуға шақырады. Айта кету керек, 2019 жылы облыс бойынша шомылу мен қасиетті суды алуға 35 арнайы орын қарастырылған еді. Биыл олардың саны 42-ге дейін жетті. Петропавлда су алуға крес тәріздес 4 ұңғыма қазылса, шомылуға 6 купель белгіленді.