Насвай (насыбай) атуға бола ма?

Құран аяттары мен Пайғамбарымыздың хадистерін назарға ала отырып бекітілген мынадай фиқһ қағидалары бар: Біріншісі - «Әр зиянды нәрсенің үкімі – харамға байланған» деген қағида, екіншісі - «Жаманы мен жақсысы қатар тұрғанда, әуелі жаманынан құтылудың қамын ойлау». Бұл дегеніміз, насыбайдың жаппай атқан адамға тиетін зардабы анықталып жатса және оның зияны пайдасынан асып түссе немесе пайдасы мен зардабы қатар келсе, онда оған харам деген пәтуа беріледі. Қазіргі таңда насыбайдың зияны медицина мамандары тарапынан анықталып отыр. Оның құрамында никотин, синель қышқылы, көмір және сірке қышқылдары, азот, эфир майы және өкпе ісігіне (рак) ұшырататын әртүрлі радиоактивті элементтер бар және оған қосылған заттардың улы қосындылары кездеседі екен. Және жақында ғана Швед елінде арнайы насыбайға жүргізілген зерттеу нәтижесінде, оның құрамында хром, никель, кадмий, қорғасын және күшән ерітіндісі (мышьяк) шамадан тыс қамтылғандығы анықталды. Мысалы, никель – 5,1 есе, хром – 17 есе, қорғасын – 38 есе көп. Ал күшән ерітін
Back to Top