1 л жылы су (н/е сүт)
1,5 а.қ тұз
1 ш.қ қант
1 а.қ ашытқы (дрожа)
1 а.қ сұйық май
Бәрін араластырып, қамыр біріккенше ұн салып илейміз.Илеп болған соң , жылы жерге көтерілгенше қойып қоямыз.Қамыр дайын болғанда қолымызды майлап бөлікке бөліп , үстіне сүлгі жабамыз. Пешті 200’С қыздырып , нанды табаға жайғастырып кішкене тындырып қоямыз.Сосын ортасын вилкамен тесіп , пешке саламыз.Келесі нанды да дәл солай тындырып барып пешке саламыз, сол кезде нандарыңыз жұмсақ әрі дәмді болады.