Жамбыл облысында құлағалы тұрған көпір халықтың зәре-құтын қашыруда. Салынғанына 50 жылдай болған ол қираудың сәл-ақ алдында тұр. Мойынқұм ауданы мен
малшы ауылдарды жалғап тұрған жалғыз жол осы болғандықтан, жұрт амалсыздан жандарын шүберекке түйіп өтуге мәжбүр. Жергілікті шенділерге қанша шағымданғандарымен, еш нәтиже шықпапты. Өйткені, атқамінерлер көпір біздің қарауымызда емес деп ат тондарын ала қашуде екен.
#1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан