Көмірге талас кезінде қаза тапқан дзюдодан ел чемпионының туыстары істің бұрмаланып жатқанын айтты

#КТКжаңалықтары Семейде көмірге талас кезінде қаза тапқан дзюдошы Жасұлан Әбиевтің өлімі үшін бір адамның ғана қамалуына туыстары наразы. Қара жамылған жақындарының айтуынша, марқұмның ата-анасы арыз жазуға барған сәтте істің бұрмаланып кеткенін көріпті. Ондағы ақпараттың куәгерлер сөзімен үйлеспейтінін білген Әбиевтер отбасы күдіктілер он адамнан көп болған дегенді айтады. Сондықтан да, бірін қалдырмай жазаға тартуды талап етіп отыр. #Семей #дзюдошы #өлім
Back to Top