10 жылға сотталған атышулы бизнесмен Мұратхан Тоқмадидің шыны зауыты жұмысшыларына өткен жылдан бері жалақы төлемеген. Кәсіпорынның отызға жуық жұмысшыға қарызы 20 миллион теңгеден асып жығылады. Құзырлы органдарға шағым түсіріп, тіпті сот жалақыны төлеп беру туралы үкім шығарса да, орындалмай келеді екен. Зауыттың қазіргі қожайыны жалақысын талап еткендерге “түкіргенім бар“ деп жауап беріпті. Несиелерін төлей алмай қарызға белшеден батқан зауыт жұмысшылары біздің арнадан көмек сұрады.
#1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан