Адамдарға құжат дайындауға көмектесемін деп сендіріп алып, алдап кеткен алаяқ әйел ұсталды. Ол азаматтарға мүгедектікті тез ресімдеуге, балаға жәрдемақы алу үшін құжаттар дайындауға болатындығын және, тіпті, зейнетақы құжаттарын жинауға көмектесуге дайын екенін айтқан. Өз қызметтері үшін ол орта есеппен 500000 теңге сыяқы алған.