Учаскелік инспектор қызметіне қайта оралды. Ауыл тұрғындары оны қалай қарсы алды? #СҚО_ПД #ДПСКО

Учаскелік инспектор қызметіне қайта оралды. Ауыл тұрғындары оны қалай қарсы алды? Солтүстік Қазақстан облысында төрт елді мекеннің тұрғындары бір айдан астам уақыт учаскелік полиция инспекторының денсаулығына алаңдаулы болған. Азамат Сыздықов шілде айының басында жұмыстан үйіне келе жатып, гипертониялық кризді басынан кешірген. Ауруханадағы ұзақ емделуден кейін аман-есен оралуы және ауылдықтардың өз учаскелік инспекторын қарсы алуы туралы бағдарламасының кезекті шығарылымда айтылды. Шілде айының басында Ғабит Мүсірепов атындағы аудандағы төрт елді мекеннің тұрғындарын учаскелік полиция инспекторының ойда жоқ жерде науқастанып қалғаны туралы жаңалық алаңдатты. Азамат Сыздықов жұмыстан қайтып келе жатып, өз бетімен үйіне кіре алмаған. Жары мен көршісі көмектескен. Қан қысымының көтерілуі ауыр салдарға – гипертониялық кризиске әкеп соққан. Офицер шұғыл аудандық ауруханаға, кейін облыстық ауруханаға жеткізілген. Азамат Сыздықов полицияда 12 жыл қызмет етеді. Оның бес жылында екі мыңнан аса адам тұра
Back to Top