Бір-біріңді өлтірмеңдер адамдар…\ Қазақ поэзиясы\ Өлеңдер
Жер бетінің таусылған ба шемені,
Жүрекке әкеп қаға салар шегені.
Ажал келіп өлмейді екен адамдар,
Мейірімге шөлдегеннен өледі.
Жалғыздықтан өткен сірә жоқ қайғы,
Өлтіріп ап, өксік құсып жоқтайды.
Жүрек өзі тоқтамайды жәйдан жәй,
Махаббатқа сусағаннан тоқтайды.
Жан дегенің жабырқаумен өтеді,
Жабырқатар сәттер сірә жетеді.
Көңіл деген қауырсындай жеп-жеңіл,
Тозаңнан да тозып, сынып кетеді.
Тырнағаннан не шығады жараңды әр,
Көңілді тот бастырады тозаңдар.
Іркіт ойдан арылам деп іштегі,
Бір-біріңді өлтірмеңдер, адамдар!
Авторы: Asyl Aristanbek
8 views
2095
575
3 years ago 00:01:10 8
Бір-біріңді өлтірмеңдер адамдар…\ Қазақ поэзиясы\ Өлеңдер