Ол күндер оралмайды Болат Жөкебай #Поэзия(Махаббат туралы өлең)

Болат Жөкебай - Ол күндер оралмайды. (2022) Жүктеу: Ол күндер оралмайды. Ол күндер келмейді енді, оралмайды. Естеліктер көңілден жоғалмайды. Артқа жол жоқ себебі қаласамда, Бүгінім кешегідей бола алмайды. Жүрегім жамандыққа бара алмайды. Өзіңдей өзге ешкімді таба алмайды. Сүю деген сезімнің себепшісі. Махаббат өздігінен жаралмайды. Алаңсыз от алауы өшті араның. Мен сені сағынышпен еске аламын. Кінәлі мен шығармын ашып жүрген, Бақытты болашақтың кеш парағын. Өзіңсіз таңдарымды қарсы аламын. Менсіз солай жарығым жанса бағың. Іштей жылап өтірік күліп тұрып. Тойыңда бақыт тілеп қол соғамын... Болат Жөкебай
Back to Top