Елес қуған сайыпқыран

Басқа атауы: Hunting the Phantom / Охота за призраком Фильм желісі бойынша ғылыми технологиялармен айналысатын «Global Sеcuriti» атты корпора­ция әлемдегі қылмыспен күресу мақсатында GS-код ойлап табады. Бірақ, бұл – ойлап табылған технологияның қоғамға қажетті бір қыры ғана. Оны ойлап табу­шылардың түпкі мақсаты – «Елес» жүйесін енгізу арқылы адам санасын басқару және осы жолмен түрлі қитұрқы әрекеттерін орындату еді. Өздерінің түпкі мақсатын жүзеге асырмақ болған топ өкілдері Тимур атты полицей жігіттің сүйген қызын қылмысқа итермелейді. Ал Тимур сүйіктісін жалған жаладан арашалап қалу үшін өлімге бас тігеді. Кейін аң­ғал жігіт аңдамай жүріп, қылмыс әлемінің «қуыршағы» болғанын түсінеді. Бірақ өте кеш. Себебі, «елес қуамын» деп жүріп, жұмысынан, достарынан біржолата айырылып тынған жігіттің ендігі мақсаты – кек алу. Ашынған жан дегеніне жете ме, теріс пиғылды адамдардың әреке­тін әшкерелеп, күллі адамзатты төніп келе жатқан қатерден құтқара ма?
Back to Top