СЕЙДОМАР СЫДЫҚҰЛЫНЫҢ 100 жылдығы

Көксу ауданында ұлағатты ұстаз Сейдомар Сыдықовтың туғанына 100 жыл толуына орай, еске алу кеші өтті. Сейдомар Сыдықов саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған жан. Ауданда шопандардың балаларына арналған алғашқы мектеп-интернаттың ашылуына мұрындық болған. Бүгінде оның шәкірттері, қоғамның әр саласында еңбек етіп, еліміздің дамуына үлес қосуда. Сейдомар Сыдықов игі істерімен жұртшылық алғысына бөленген азамат. Өмірден өткеніне 30 жылдан асса да, ауылдастары есімін құрметпен атайды. Мерейтойларына орай еске алу кештерін ұйымдастырады. Ол саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнады. Қазіргі Балпық би кентінде шопан балаларына алғашқы мектеп-интернаттың ашылуына үлес қосқан.
Back to Top