Онлайн отличниктер. Қазір қашықтан және онлайн тәртіпте білім алып жатқан оқушылардың үлгерімдері кенеттен жақсарып, жаппай бес ала бастады деп шулап жатыр қоғам. Ата-аналар болса, оқытудың аталған формасына қарсылық танытып, керек десеңіз мыңдап қол жинағаны кеше ғана. Осы аптада елдің бас мұғалімі Асхат Аймағамбетов мырза петиция жинаушыларға жауап беріп, онлайн оқыту жүйесіне еріккеннен көшкен жоқпыз деп мәлімдеді. Оның айтуынша әлемде қазір бір жарым млрд оқушы қашықтан және онлайн тәртіпте білім алып жатыр. Сөз жоқ, бұл мәжбүрлі шара. Десек те оның тетіктерін жетілдіріп, керек кезінде өз ыңғайымызға тиімді пайдалану қажет деп отыр білетіндер.
#1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан