Петропавлға «Golden Dragon» автобусы жеткізілді. 3 күннің ішінде қоғамдық көлік арнайы тест-драйвтан өтеді. Олар арнайы пандустармен жарақтандырылған. Салонда қыста пештер жұмыс істесе, жазда кондиционерлер тұрғындарға қызмет етпек. Егер автобустар петропавлдық көшелерге сай болса, онда облыс әкімдігі тарапынан қаражат бөлініп, осы техниканың 40-ы сатып алынбақшы. Айта кету керек, биылдан бастап қытайлық техника Қазақстанда жинақталатын болды. «Астана Моторс» компаниясы жылына 150 автобус шығаруды көздеп отыр.