ҚАЗҰУ-ДА «DIGITAL FARABI» СТУДЕНТТІК IT ФОРУМЫ ӨТТІ
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Digital Farabi» студенттік ІТ форумы өтіп, онда саланың білікті мамандары, ірі компания басшылары, бизнес өкілдері мен инвесторлар бас қосты.
Шараның мақсаты – ІТ мамандарын даярлаудағы сапаны арттыру, бітіруші түлектерге арналған бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастыру, студенттік ІТ стартаптарды дамыту.