Бүгінде «діни радикализм» сөз тіркесі әлі де күн тәртібінен түспей тұр. Соңғы жылдары еліміздегі діни ахуал тұрақталып, бір қалыпқа келгенімен, деструктивті діни идеологиялар таралып жатқан жоқ деп айтуға ертерек. Өйткені, теріс ағымды насихаттаушылар бұрынғыдай көзге түсіп көшеде әрекет етуден гөрі енді заман талабына сай виртуалды әлемде жасырын белсенділіктерін арттырған.