БҰХАРА ЕВРЕЙЛЕРІ ҮЙЛЕРІ | В КАКИХ ДОМАХ ЖИЛИ БУХАРСКИЕ ЕВРЕИ #бухарскиеевреи #старинныйдом
Достар, біз сонау он жеті он тоғызыншы ғасырда салынған, бүгінде мұражайға айналған бұхара еврейлерінің үйінде тұрмыз.
Мұражайдың галереясында Бұхара әмірлігінің соңғы билеуші династиясы маңғыттан шыққан әмірлердің суреттері ілінген.
Ал мынау суретте Бұхара әмірлігінің картасы бейнеленген. 1920 жылы әмірлікке большевиктер соққы беріп, соңғы Әмір Сеид Олимхан ауғанстанға қашты.
Сөрелерге иврит тіліндені бірнеше кітаптар қойылған.
Галереяда еврей халқының көрнекті тұлғаларының суреттері қойылған.
Бұл Малка есімді бойжеткен. Мынау үйленетін жас күйеу.
Өзге еврейлерден бұхар еврейлерінің бір ерекшеліктері, олардың ұлттық киімінде. Көріп тұрғандай, өзбек пен тәжіктердің ұлттық киімдеріне ұқсайды.
Басты кәсібі қолөнер бұйымдарын жасап сату болған, сондай ақ жібекті бояумен тек қана еврейлер айналысқан.
Қонақтарға ілтипат ретінде тәттілермен қосып өзбек шәйі ұсынылады екен.
Ары қарай 250 жылдық тарихы бар жертөлеге түстік.
Мұнда ескі есіктер сақталған екен. Кейбіреуінің жасы 200 жылдан асады. Мектептің есіктерін әдейі төмен етіп жасаған екен, оның сыры оқушы кірерде иіліп сәлем беріп кіруі үшін екен.
Ал мына сандық қыз жасауына беріледі.
Көне еврей терассасында тұрған мына қарағаш ағашынан жасалған бағанға екі жарым ғасыр толыпты.
Жалпы кешенде бес көне үй бірігіп тұр. Мұнда ауқатты еврейлер өмір сүрген.
Оны безендіру мен қабырғаларының биіктігінен де байқауға болады.
Көне бұхарадағы көптеген үйлерден осындай қолөнер бұйымдарын сатып алуға болады.
Достар, біз осы түсірілімнен кейін еврейлердің синагогасына соқтық. Алайда ол сол күні жабық екен.
Осымен бейнені аяқтаймыз, арнаға жазылып, пікір қалдырыңыздар.
Сіздермен болған Айнұр, “ӨМІР ТАМАШП” арнасы.
#саяхат #мұражай #бухарскиеевреи
#тарих
1 view
557
266
1 year ago 00:06:07 1
БҰХАРА ЕВРЕЙЛЕРІ ҮЙЛЕРІ | В КАКИХ ДОМАХ ЖИЛИ БУХАРСКИЕ ЕВРЕИ #бухарскиеевреи #старинныйдом