Атыраудағы Елбасы мектебінде білікті мамандардың тәжірибесін тарату арқылы жас мамандарға білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерін үйрету мақсатында Педагогикалық дуэт байқауының екінші кезеңі өтті. Шарада менти мен ментор бірлесіп жұмыс жасаудың үлгілерін көрсетіп, өз нәтижелерімен бөлісті. Ұстаздардың кәсіби біліктілігін дамыту, олардың бойында шығармашылық ізденісті шыңдау Назарбаев Зияткерлік мектептері дербес білім беру ұйымдары желісінің ұстанған стратегиялық басым бағыттарының бірі.