Құран – жатқа оқу үшін ғана емес, ой жүгірту, амал жасау үшін түсірілген Алланың сөзі. «Қамар» сүресінің 17-аятында: «Расында, Құранды үгіт үшін оңайластырдық. Ал енді оны түсінуші бар ма?» делінген.
✍️ Жанат Мергенбаева
Шеберді шебер дегенше,
Алланы шебер десеңші,
Қар жаудырып, қыс қылған,
Жұмыртқаны құс қылған,
Құрсақта жатқан балаға,
Ризығымен дем беріп,
Құдіретімен жаратқан.
✍️ Майлықожа Сұлтанқожаұлы