Әжетхана мен қолжуғыш бірге орналасқан жерде дәрет алуға бола ма?

Уағалейкумәссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ! Әжетхана мен қол жуғыш бірге орналасқан жерде дәрет алуға болады. Оның еш ағаттығы жоқ. Тек, дәрет алар алдында айтылатын «бисмилләны» іштей айтасыз. Сахаба Абдулла ибн Аббастың (р.а.) шәкірті Икрима әл-Бәрбәри: «Әжетхана ішінде Алла тілмен емес, жүрекпен айтылады», - деген[1]. Одан бұрын, әжетханаға кірерде “аллаһуммә иннии әғузу бикә минәль хубуси уәл хәбә’ис“ деп айтуды ұмытпаған жөн. [1] Бәдруддин әл-Айни (р.а.): Ъумдатуль Қари (Сахих Бұхаридің шархы). №142 хадис түсіндірмесі. *Икрима ибн Абдулла әл-Бәрбари (м. 723 ж.) – сахаба Абдулла ибн Аббастың азатты құлы әрі шәкірті. Ол екі жүзге жуық сахабаның көзін көрген ардақты табиғин. Құран тәпсірінің ғалымы әрі Фиқһшы тұғын. Тіпті, Хасан Басри (р.а.) Икрима отырған жерде оның ілімін құрметтеп, Құран аятын тәпсірлемейтін, пәтуа айтпайтын болған екен. ********************************************************** Ислам жолында🕋🕌 каналында сіз бұл туралы біліп қана қоймай басқа да сұрақтарға жауаптар ала аласыз, виде
Back to Top