Күдебаев ұлының өліміне қатысты күмән тудырғандарға министрдің өзі жауап берді
#КТКжаңалықтары
Қос дәрігерді қамауға Серік Күдебаевтың ықпалы болмаған. Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы өз ұлының өліміне байланысты күдікке ілінгендерге қатысты қызмет бабын пайдаланды деп күмән тудырғандарға Ішкі істер министрі бүгін осылай деп жауап берді. Ерлан Тұрғымбаев тергеуге өз ведомствосының қатысырылып та жатпағанын айтты. Дәрігерлер ісіне, тіпті, марқұмның прокурор әріптестері араластырылмай жатыр екен. Атышулы істі жүргізу тек экономикалық тергеу департаментіне сеніп тапсырылған. Яғни, Тезекбаев пен Тұңғышбаевтың полиция басшысы ұлының өліміне кінәлі, не кінәсіздігін дәлелдейтін дәйектерді жинаумен тараптарға қатысы жоқ орган қызметкерлері айналысатын болады.
#Қазақстан #Күдебаев #ұл #өлім #дәрігерлер #қамау #ІІМ #Тұрғымбаев
213 views
90
27
5 years ago 00:02:48 228
Күдебаев ұлының өліміне қатысты күмән тудырғандарға министрдің өзі жауап берді
5 years ago 00:01:48 145
Дина Тезекбаева дәрігерлерге араша түскен президентке алғысын білдірді
5 years ago 00:03:15 160
Күдебаевтың ұлының өліміне кінәлі дәрігерлердің ісі жаңаша өрбіді