Арыс тұрғындары үйлерін ғана емес, қора-қопсысын да жөндеп беруін сұрап отыр

#КТКжаңалықтары Арыста тағы жарылыс болды. Адамға қауіп келмесе де бір жүк көлігі зақымданыпты. Ал бұдан да зорын көрген арыстықтар қалыпты тіршілігін жалғастыра берді. Тек жөндеу жұмыстарына көңілі толмайтындар да бар. Қабырғасына жырық түскен кей үйлердің тек шатыры ғана жөнделмек. Ал снаряд бөлшектері талқандап тастаған қора-қопсы тіпті жөндеу жұмыстарының жоспарына енгізілмеген. #Арыс #жарылыс #қауіп
Back to Top