ҚАРЫН БҮРМЕ дайындау түрі. ҰЛТТЫҚ ТАҒАМ. БҰЖЫ жасау.
Бұл қысы қатты болатын жерлердің тұрғындары жасайтын тәсіл. Алғашқы суық түскенкезде қыс айларында желінетін ұсақ мал жемшөпке ортақ болмас үшін және арықтап кетпес үшін семіз кезінде сойып, ұшасын мүшелеген соң, тұздап өз қарнына салып, аузын буады да, шошалаға апарып қояды. Ет өз сөлімен тұзы сіңіп көктемге дейін сақтала береді. Бүрменің тағы бір түрі етпен қоса, үйітіліп, жуылған бас-сирақты, тазаланған ішек-қарынды - бәрін қосып, малдың өзінің терісіне орап, сыртынан таңып қояды. Бас ұстауға лайық сыйлы қонақ келгенде мал сойып әуре болып жатпай-ақ, дайын бүрмедегі сыбағанықазанға салады. Халқымыз қыстық азық-тү