Баяғы Жүрсін Ерман жоқ | Жол сұрауды қыздар бастады | Домбыраға Заң керек | Айтыс | МҰХТАР НИЯЗОВ
#НартайАралбайұлы #NartayNews #НартайНьюс #Дін #ислам #религия #Айтыс #МұхтарНиязов
🔹Спикер: Мұхтар Ниязов – ақын, Қызылорда облыстық мәслихаттың депутаты,
Нартай Бекежанов атындағы облыстық қазақ академиялық музыкалық
драма театрының басшысы.
00:00 Басы
01:17 Таныстыру
01:28 Сізді қалай таныстырған дұрыс?
02:05 Сіз жазба ақынсыз негізі. Қайта ораласыз ба жазуға?
04:20 Не үшін айтысқа келдіңіз?
05:47 Айтыста қанша пайыз бос сөз, бос ұйқас кетеді сізде? Бұл ақындардың кемшілігі ме? Дәулеткерей Кәпұлына жауап!
07:22 Жазба ақындық жақын ба сізге? Айтысты таңдайсыз ба?
08:17 Жазба ақындар неге айтыс ақындарын сынайды? “20 минутта 1 машина алады“ дейді.
10:28 Қадір Мырза-Әлінің «Өлеңге айтып қойыппын, өмірдің айтпа дегенін» дегені бар. Өлеңмен айтып қойып өкінген кездеріңіз көп пе?
11:34 Үш дүркін алтын домбыра алдыңыз. Айтыста жеңе беруден жалыққан жоқсыз ба?
13:45 Айтыста жастарға орын беру деген қайдан шықты? 40-қа келген айтыс ақындары неге қария боп қалады?
16:02 Айтыста ақындардың бір-бірінен жол сұрауы қайдан жұққан жаман әдет?
18:38 Сізді атақты ақынсыз ба?
19:14 Адамдар неге әсіре қарапайым болғысы келеді? Неге өтірік сыпайы көрінуге тырысады?
20:55 Қайнар Алагөзов “Атақ“ деген өлеңінде Атақ дегенді тәкаппарлыққа теңейді. Демек адамдардың мұрнын шүйіріп атақты боп кетуіне қоғам кінәлі ме?
22:02 Адамдық неге ең қиын мамандыққа айналды бүгін?
23:47 Шынайы адамды қоғам қабылдай ала ма?
25:24 Қазір Театрының басшысы қызметін депутаттықпен қатар алып жүрсіз ба?
26:47 Бірнеше мемлекеттік орында басшы болдыңыз. Ат үстінде жүрген өнер адамының, өнері атүсті болып кетпей ме?
28:32 Қызметтің сізге қандай зияны тиді?
30:01 Бекарыс Шойбековпен араларыңыз қалай?
30:30 Бекарыс та, сізде депутатсыз. Әртіссіздер. Енді қалай айтысасыздар?
32:10 Жас ақындарға жиі сын айтасыз ба?
33:20 “Мемлекеттік қызметкерлер нервысын алдырып тастаған тіс сияқты“. Шенеунік қалай елге сүйкімді бола алады?
36:17 Өте ауыр өлеңді бөлісіпсіз. Депрессияда жүрсіз бе?
38:24 Қарағандыда өткен айтыста: “Репрессияның қасіретін қайдан білсін, Бүгінгі депрессияның құрбандары,” - дедіңіз. Дәп қазір ел психологқа, мотиваторға жүгінеді. Неге қоғам депрессияға түсіп кетті?
41:19 Айтыс ақындары мотиватор, коуч, миссионер болып кетті. Оларды құптайсыз ба?
41:54 “Мың батпан қазағымның қайғысы бар, Бір жарым килограмм домбырамда”,- дедіңіз. Домбыраны ұшаққа кіргізбейтін компанияға не айтасыз? “Домбыраны құрметтейтін Заң қабылдау керек“.
44:01 Айтысқа неге домбырасыз барасыз?
45:10 Айтыста: “Күзетсе ар-намысын күзетті олар, Акиматтың есігін күзеткен жоқ” дедіңіз. Митингке шыққан аналарға қарсы сөйлегеніңіз бе?
47:40 “Асабаға бағынбай Ақтау ғана, Тойдың соңын төбелес қып жібердің” дедіңіз айтыста. Жаңаөзендіктерге қарсы сөйлегеніңізге?
49:07 Қарсылас ақындарға тым қатты айтасыз. Өкпелеп алудан қорықпайсыз ба?
51:09 Ринат Зайытов ілгеріде
“Сенің крышаң партия,
Ал менікі халқым.
Менің домбырам ағаш,
Ал сенікі алтын” - деді. Енді Ринатқа не айтасыз?
52:49 Дау мен жаудан амансыз ба?
54:20 Жүрсін Ерманның 70 жылдығын Қызылордада өткізгеніңіз үшін мәслихат депутаты сізді сынады. Депутат Жүрсінді білмей ме?
56:50 Жүрсін Ерманның жағдайы қалай қазір?
58:05 Бұрынғы айтыс пен бүгінгі айтыс. Қайсысы мықты? Ақындар айыпты ма?
01:00:30 Айтыс ақындары сағаттап айтысуға дайын ба? Қазір тек 3 қайырыммен қайта бересіздер.
01:01:41 Айтыскерлер неге сөзге тоқтамайды?
01:02:12 Сізге кәсіпкер көлік сыйлады, әкім үй сыйлады. Сыйлық сарай ақыны етіп жібермей ме?
01:03:39 Шындық деген не?
01:03:56 Айтыс ақындарына “шындық айтпайсыңдар“ деген сын көп айтылады. Айтыскерлер айтатын шындық қандай болу керек?
01:05:10 Сізге айтқыштық қасиет кімнен дарыды?
01:06:15 2016-2020 жылдар аралығында “Асыл арна” телеарнасында редактор қызметінде жүрдіңіз. Ағымға қарсы жүздіңіз ба, ағынмен ілесіп кеттіңіз ба?
01:07:21 Діни ағымдарға қатысыңыз бар ма?
01:08:05 Өнерге қанша күнге келдіңіз?
01:08:30 Алтын домбыра неше келі. Сатса қанша теңге болады?
01:09:42 Ақын ретінде еленбей қалудан қорықпайсыз ба?
01:10:23 Оралда өткен “Алтын домбырада“ ұтылып қалдыңыз. Сол кезде Бауыржан Халиоллаға наз айттыңыз: “Қызылорадаға келгенде қайдағы күтіп алған, қайдағы халық, бұрышта сопайып біреу тұр солған гүл ұстап. Кейін ел ішіндегі сөзге құлақ түрсем “алтын домбыраны әкеле алмады” - деп жатыр екен. Әй, қойшы соларды, айтысын да, алтынын да, сонда не жүлдегер болмасақ ешкімге көк тиындық құнымыз жоқ па?” - депсіз. Бұл елемеу емес пе?
01:11:45 Алтын домбыраны Рүстем Қайыртай алған кезде оған қатты айттыңыз. Көңілін ойламадыңыз ба?
01:12:55 Айтыстың жүлделерін бөлгенде әділетсіздіктер көп болады. Бір облыста өткен айтыстың бас бәйгесін сол облыстың ақынына береді. Мұны қалай түзетеміз?
01:13:53 Бүгінгі күннің батыры кім?
01:13:59 Қоштасу.
Инстаграм:
Фейсбук:
1 view
57
13
1 year ago 01:14:20 1
Баяғы Жүрсін Ерман жоқ | Жол сұрауды қыздар бастады | Домбыраға Заң керек | Айтыс | МҰХТАР НИЯЗОВ