Арнаға қолдау көрсету 5169 4971 8361 0090 kaspi
Кеше Тоқаевтың қатысуымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Онда популизмге толы сөздер айтылып, тапсырмалар берілді. Соның ішінде ерекше назар аудару керек мәселелер бар. Мысалы, Тоқаевтың вакцина салдыртуға көзқарасы, жаңа агенттік құру жөніндегі мәлімдемесі, тағысын-тағы. Бұның бәрін өз аузынан естімедік. Орталық коммуникациялар қызметі журналистерді жинап алып, дыбысы жоқ эфирді қосып, қолдарына алдын ала терілген мәтін берген. Цензура деп осыны айтса керек.
Одан бөлек бірер күн бұрын салық органдары Адам құқығы жөніндегі бюро мен Халықаралық құқықтық бастаманың жұмысын 3 айға тоқтатты. Мұның саяси астары бары анық. Себебі аталмыш ұйымдар елдегі адам құқығының сақталуын қадағалап, демократияны дамытуда елеулі үлесін қосып жүргендердің бірі. Бүгінгі шығарылымда осы тақырыптар аясында сөз қозғаймыз.