ЮКГУ Агротехнология

Ауылшаруашылық ғылымдары жоғары мектебінің кафедралары Жоғары мектеп құрамында 5 кафедра жұмыс істейді: Агротехнология кафедрасы «Агротехнология» кафедрасы М.Әуезов атындағы ОҚМУ ректорының 2005 жылғы 14 қыркүйектегі бұйрығымен Агроөнеркәсіптік факультетінің жанынан ашылған. Кафедрада төмендегі мамандықтар бойынша мамандар әзірленеді: 5В080100 - Агрономия, 5В080800 - Топырақтану және агрохимия. Біздің кафедраның рөлі ел экономикасының басым саласына – агроөнеркәсіптік кешенге (мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, агрономия, т.б.) түрлі бағыттағы мамандарды дайындаумен аса бағалы. Мұнда мықты оқытушылар құрамы: 2 ғылым докторы, профессор (оның ішінде біреуі ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты), 12 ғылым кандидаты жұмыс жасайды. Студенттер контингенті жыл санап артуда. Бүгінгі таңда кафедрада 426 студент оқыса, оның 98.8% мемлекеттік білім грантымен білім алуда. Оқытушылар құрамының үлесі: 42%.
Back to Top