Кез-келген жасөспірім үшін бетіне шыққан безеуі немесе кішкентай тыртығы оны түңілуге немесе стресске ұшыратып жатады. Ал менің досым – Басит, бұндай нәрселерге назар аудармайды. Ол – ИБи-ға (ағыл. ЕВ-ға) шалдыққан. Ген арқылы берілетін бұл ауруға шалдыққан адамның терісіне еріксіз түрде күлдіреулер мен жаралар пайда болады. Бұл жарақаттар баяу жазылатын болғандықтан, ол денесіндегі жараларын қаптап қоюға мәжбүр.
Басит, сәби кезінен бастап бүгінгі күнге дейін, 25 жыл бойы осы ауруымен күресіп келуде. Емі табылмаған, бұл дертке шалдыққан жандар жан төзгісіз азаппен өмірлерінің соңына дейін сүреді...