40- КҮН ТАХАДЖҮТ НАМАЗЫН ОҚИТЫН БОЛСАҢ!!! ДҰҒАҢ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ АЛЛА БЕРЕДІ ИНШАЛЛА
Сұрақ: Таһажуд намазына қалай дайындалу керек?
Жауап: Түнде тұруға шын ниет ету керек. Ерте жату керек. Ұйқыдан тұрып, жақсылап дәрет алады және екі, төрт, алты немесе сегіз ракағат етіп таһажуд намазын оқиды.
Сұрақ: Таһажуд намазында қандай амалдарды орындау мұстахап?
Жауап: Жанұясын таһажуд намазына тұрғызуы, намазды оқығанда Алла Тағаланы дәріптеп, рукуғта барынша ұзақ тұруы, тасбихты көбірек айтып, сәждеде ұзақ жатуы – мұстахап.
Сұрақ: Таһажуд намазында қандай сүрелер оқылады?
Жауап: «Фатиха» сүресінен кейін бірінші ракағатта «Кафирун» сүресін, екінші ракағатта «Ықылас» сүресін немесе қалаған сүрелерді оқуына болады.
Дегенмен, түннің соңғы үшінші бөлігінде оқыған абзал. Раббымыз Алла әр түнінің соңғы үшінші бөлігінде аспан әлеміне түсіп, «Кім Маған дұға етеді, қабыл етейін?», «Кім Менен кешірім тілейді, күнәсін кешірейін?», «Кім Менен (қажетін) сұрайды, оған берейін?», – деп айтады[4].
Сұрақ: Таһажуд намазының қандай пайдасы бар?
Жауап: Адам баласы түннің кезінде тәтті ұйқысынан тұрып Алла Тағаланың разылығын іздейді, Раббысының құзырында тұрады, Оның рақымына бөленеді, сауапқа және түрлі жақсылықтарға жетеді және дұғасы қабыл болады.
Сұрақ: Таһажуд намазы неше ракағат оқылады?
Жауап: Ханафи мәзһабы бойынша таһажуд намазының азы 2 ракағат, көбі 8 ракағат етіп оқылады. Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) 11 ракағат етіп оқығаны айтылған, яғни оның 8 ракағаты таһажуд, 3 ракағаты үтір уәжіп намазы.
#намаз #тахаджут
1 view
821
228
2 months ago 00:11:04 1
ЖУМА ЖЫЙЫНТЫГЫ 13 10 2024
3 months ago 00:03:49 1
ВЫ ПРОСИЛИ ЭТОТ РЕЦЕПТ!КАК Я ГОТОВЛЮ ЗНАМЕНИТЫЙ.САХАРНЫЙ ПИРОГ !МЯГКИЙ,ПЫШНЫЙ И ОЧЕНЬ ВКУСНЫЙ!