Нұрсұлтан Батырқұлов - Бағалай алмадым
Ән-жырымды саған арнап,
Сені құлай сүйіп ем.
Жүрегіңді жаулап алып,
Бақытты боп жүріп ем.
Сенің шексіз сүйгеніңді,
Мен бағалай алмадым.
Алдадым өз жүрегімді,
Сезіміңді қорладым.
Бағалай алмадым, бағалай алмадым,
Мені сүйген сезіміңнің бағасын.
Бағалай алмадым, жаным-ау қиналдым,
Жаза алмадым жүрегімнің жарасын.
Бағалай алмадым, мен жалғай алмадым,
Енді адасқан қос жүректің арасын.
Бағалай алмадым, енді бұл өмірден,
Тартып жүрмін көз жасыңның жазасын.
689 views
0
0
2 years ago 00:04:29 1
«Азия» тобы – «Нұр-Сұлтан» (Әні: Н.Батырқұлов, сөзі: Б.Исаев)