Көмейден жыр ағылсын

Әлішер Бақытжан- 13 жаста. Қызылорда қаласындағы Сақтапберген Әлжіков атындағы қазақ орта мектебінде 8- сыныпта оқиды. Жас ақынның биыл “Ақ қанат“ атты кітабы жарық көріпті. Туындысына 20-ға жуық өлеңдері енгізілген. Ақын “Тәуелсіздік- жыр, әнім“ жасөспірімдер шығармашылық фестивалінің жүлдесінен үмітті. Дайындығы мықты. Фестивальге Әлішерден бөлек 30-ға жуық жасөспірім қатысты. Олар шешендік өнер, жыршылар байқауы мен ақындар мүшәйрасы санаттарында сайысты. Қатысушылар республиканың 11 қаласынан жиналған.
Back to Top