Сұлулығына көз тоймайтын Көлсай шатқалындағы Қайыңды көлі 1910 жылдары болған қатты жер сілкінісінің салдарынан пайда болған.
Қайыңды көлі теңіз деңгейінен 1867 метр биіктікте орналасқан. Ұзындығы – 600, ені – 300, ал тереңдігі кей жерлерде – 30, кей жерлерінде 40 метр.
Қайыңды көлі аумағында жеміс-жидектің 70-тен астам түрі өседі.
Мұнда дәрілік шөптердің 47 түрі кездеседі.
Қайыңды көлінің айналасында аң-құстардың 197 түрі, оның ішінде орманда мекендейтін 82 түрі бар. Еліміздің Қызыл кітабына енген сүт коректілердің – 6, құстардың – 13 түрі кездеседі.