Нұржан Керменбаев - Жан қызым;
Айналайын, қарашығым, мөлдірім,
Бөгей алсын өмір салған жолды кім?
Сені үйімнен кетеді ұзап дегелі, дегелі,
Жанарымның шарасына толды мұң.
Сен мен үшін орның бөлек дарасың,
Бақшамдағы тапқан гүлең жарасым.
Табиғаттың жұбай болу жолы ғой, жолы ғой
Сол жолменен құс боп ұшып барасың.
Қайырмасы:
Мөлдір қызым, көзімдегі нұрдайсың,
Енді басқа үйдің бағын жырлайсың.
Бақытты бол, айналайын, алтыным,
Барған жерге балдай батып, судай сің.
Сен мен үшін баға жетпес асылсың,
Сүйген жарың сән күйіңді асырсын.
Бақытты бол, бақытты бол, жан қызым, жан қызым,
Барған жерде бағың гүлдей ашылсын.
Қайырмасы:
Мөлдір қызым, көзімдегі нұрдайсың,
Енді басқа үйдің бағын жырлайсың.
Бақытты бол, айналайын, алтыным,
Барған жерге балдай батып, судай сің.
Бақытты бол, айналайын, алтыным,
Барған жерге балдай батып, судай сің.
Жүктеу:
10 views
468
133
10 months ago 00:02:39 1
Нұржан Керменбаев - Менің махаббатым (OST “Почти Мачо“)