Темекі шексе де ұзақ өмір сүрді
Деген сөздерді шылым, шарап және тағы басқа жаман әдеттерді жақтайтын адамдардан естіп қалса болады. Шынымен темекі, арақтан тыйылмай, зиян тамақ жеп ұзақ өмір сүрген адамдар бар.
Алайда ұзақ өмір сүрген адамдардың бұл аз ғана бөлігі және алкоголизммен ауыратындардың жасы 60 тан аспайтыны факт. Ал жалпы кәрілікте дүниеден өткен адамдарды қарастырса, олардың үлкен бөлігі әртүрлі аурулардан дүниеден өткенін байқасақ болады. Қатерлі ісік сияқты аурулар жайдан жай пайда болмайды. Арақ пен темекі қатерілі ісіктің пайда болуына тікелей әсер ететінін ешкім жоққа шығармайды деп ойлаймын. Ал бұған жоламай ақ ауырғандар да аз емес қой. Қалай ол сонда десеңіз. Қатерлі ісікке апаратын жол аз емес. Дұрыс емес тамақ және тағамды мөлшерінен көп жеу. Аз ұйқы, стрес және тағы басқа факторлар кәрілікте не кәрілікке жетпей ақ көптеген ауруларға әкеледі. Бұл болса өмірдің ұзындығына тікелей қатысы бар.
Иә иә ол түсінікті, ал осының бәріне немқұрайлы қарап 90-100 жасқа да жететін дер бар ғой. Қалай ол сонда? Бұл жерде млннан бір адамда ғана болатын ерекше денсаулық. Осындай адамның ағзасы жоғарыда айтылған жаман әдеттерге төзе алады. Бірақ ол адамдар өз денсаулығын ойлап, жаман әдеттен толық бас тартқанда, кем дегенде тағы 20-30 жыл өмір сүретін еді. Яғни жүз 90-100 жыл өмір сүрген темек шегуші, шылымның не екенін білмегенде 120-130 жасқа оп-оңай жетер еді деп сенімді айтса болады.