10 қаңтардан бастап «Сарай сыры» тарихи телехикаясы эфирде

10 қаңтардан бастап «Qazaqstan» телеарнасынан «Сарай сыры» тарихи телехикаясы көрсетіледі Туынды 1823-1845 жылдар аралығында Бөкей Ордасында билік құрған Жәңгір хан туралы деректерге негізделген. Сондай-ақ сарайдағы өмір, хан кеңесі, Жәңгір хан енгізген реформалар және Исатай мен Махамбеттің тұлғасына қатысты шиеленіске толы тарихи оқиғалар да қамтылады. Сериалда Жәңгір хан рөлін актер Медғат Өмірәлиев сомдаса, Фатима рөлінде - актриса Әмина Мектепбаева, Махамбетті Дархан Сүлейменов, Исатай рөлін Нұрлан Сағынаев сомдайды. 12 бөлімді тарихи туындыны 10 қаңтардан бастап «Qazaqstan» телеарнасынан тамашалай аласыздар. Қазақстан - Facebook - VK - Twitter - Instagram - Telegram - Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз: AppStore - Google Play -
Back to Top