ҚАЙТАЛАУДЫҢ ПАЙДАСЫ: БАЛАҒА МИДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІН ҚАЛАЙ ТҮСІНДІРУГЕ БОЛАДЫ?
Теориялық білімді тәжірибемен ұштастыру – ақпаратты миға сіңірудің ең тиімді әдісі. Алғашқы сабақта мұғалім жаңа тақырыпты түсіндіріп, келесі сабақ осы тақырыпқа арналған тәжірибелік жұмысқа ұласады. Мұндай жүйенің несі жақсы? Өткен сабақты қайталаудың жадымызға тигізер пайдасы бар ма? Алдымен осы жағын анықтап алайық.
Мектептегі сабақ барысында балалар шамадан тыс ақпарат тасқынын қабылдауға мәжбүр. Оның барлығын бір айтқаннан жаттап алу көп жағдайда мүмкін емес. Сабақ аяқталғанына бірнеше сағат өтпей жатып-ақ оқығанынының жартысын ұмытып қалатын балаға таңғалудың қажеті жоқ. Дегенмен, қобалжуға да әлі ерте. Бұл – миға тоқудың қалыпты процесі. Біздің жадымыздың өзі осыған бейімделген.
42,231 views
977
386
7 years ago 00:02:03 42.3K
ҚАЙТАЛАУДЫҢ ПАЙДАСЫ: БАЛАҒА МИДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІН ҚАЛАЙ ТҮСІНДІРУГЕ БОЛАДЫ?