ӨЛІ ӘЙЕЛДЕН ТІРІ БАЛА ТУЫЛҒАН
(Бұл — бірнеше жыл бұрынғы жаңалық. Бірақ қазір де жұртты елең еткізері сөзсіз)
Инсульттан миының жұмысы тоқтаған (мұндай жағдайдағы адам өлген боп саналады) аяғы ауыр әйелдің құрсағында 12 апталық баласы болады. Дәрігерлер батылдық жасап, әйелді аман алып қалу мүмкін емес екенін білсе де, оның құрсағындағы баланы аман алып қалудың қамын жасайды. Нәтижесінде өлі анасының құрсағында біренеше ай жатқан сәби мерзімінен бұрын, кесар тілігі арқылы туылады. Одан кейін сәбидің жағдайы жақсы болады, анасы өліп қалса да отбасымен бірге болады.
Өлген әйелдің ішкі органдары 5-6 адамға берілуі мүмкін. Сонда ол әйел соншама адамның өмірін құтқаруға себепші болған болады.