======================================================
Қас қағым өмір сырғып ағасың
Боташым әлі бізге баласың
Мінекей көзді ашып жұмғанша
Ұяңнан құстай ұшып барасың
Қайырмасы:
Тербетіп ауылыңның даласын
Құда қып екі үйдің арасын
Ойпырмай әне-міне дегенше
Қалқатай, ұзатылып барасың