Сайлау учаскелері өз жұмыстарын тоқтатып, дауыс беру аяқталды

Еліміздің батыс өңірлерінде осыдан 10 минут бұрын сайлау учаскелері өз жұмыстарын тоқтатып, дауыс беру аяқталды. Ал Еуропа елдерінде түрлі мақсатта жүрген Қазақстан азаматтары әлі 3-4 сағатқа дейін өз конституциялық құқықтарын пайдаланып, ел президентін сайлауға қатыса алады. Ол үшін бұған дейін хабарлағанымыздай дипломатиялық өкілдіктерде құрылған сайлау учаскелеріне баруы тиіс.
Back to Top