Жүк көрсету

Манардың құдалығы, төсек-орынды көрсету рәсімі. Қыздың артынан жүк беру - бұл қазағымыздың дәстүрі ғана емес, үйді әділ жолмен бөлген - қазақ даналығы. Қызға жасау беріп, ұлға енші беріп, бөлек отау қылған ата-бабамыз, үйді ұрпақтарына осылайша әділ бөліп берген. Қара шаңырақты қарап қалған бала - сол үйді иеленіп қалған. Соны білетін халықтың енші/жасау алған балалары кейін үйге таласпаған. Бүгінгі таңда көбейіп кеткен үй дауы, осындай дәстүрдің негізгі идеологиясы ұмыт қалғандықтан болуы керек. Сондықтан жүк беретін кезде үйдің құнын бөлісетіндер санына шағып, тиесілі құнына сай беруді ескерген жөн.
Back to Top