Алматы облысындағы «Көлсай көлдері» ұлттық мемлекеттік табиғи паркіне үш күнде 4500 турист келді.

Алматы облысындағы «Көлсай көлдері» ұлттық мемлекеттік табиғи паркіне үш күнде 4500 турист келді. Көрікті мекенге саяхатшылар легі әсіресе, Наурыз мейрамындағы демалыс күндері көп ағылған. «Бұған киелі Түркістаннан Көлсайға дейін автобус қатынай бастауы да оң әсер етті», - дейді мамандар. Қазір ұлттық табиғи парктің инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары қызу жүріп жатыр. Көлсайға 2021 жылдың алғашқы тоқсанында 13 мыңнан астам турист келіп кетті. Олар негізінен Көлсай көлі мен Қайыңдыны аралауға әуес. Ал мемлекеттік ұлттық табиғи саябақ аумағында бұдан бөлек 5 маршрут бар.
Back to Top